Бүгін:
kz ru

Ұлы даланың жеті қыры

Шу қалалық мәдениет үйінде Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» аясында «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты жобасын мектеп оқушыларына түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы жарияланды. Бұл мақала «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласының жалғасы екенін түсіндіре отырып, мектеп оқушыларына "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласын таныстырып өтті. Елбасы Қазақстанның тарихына жаңаша көзқараспен қарап, Ұлы тұлғаларды ұлықтауға үндеген. Осы құндылықты жұрттың рухани игілігіне практикалық тұрғыдан пайдалануды тапсырды. Ұлы даланың көп ғасырлық рухани мұраларын, жаңа қалыптасып жатқан цифрлық өркениетке сай етуді алға тартқанын оқушыларға түсіндірді.
 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз