Хабарландыру. Бос тұрған 1 (бірлік) дыбыс-режиссер лауазымына конкурс жариялайды.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бос тұрған 1 (бірлік) дыбыс-режиссер лауазымына конкурс жариялайды
Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Орналасқан жері: пошталық индексі 080012. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би көшесі 18/4. Тел. (87262) 50-15-64
Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: халық шығармашылығын дамыту
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар концерттік ұйымдардың шығармашылық және өндірістік қызметтеріне қатысады;
арнайы компьютерлік бағдарламалардың көмегімен музыканы көркемдейді;
жаңа музыкалық шығарманың жанрлық және стилистикалық шешімін жүзеге асырады;
дыбыстық жазбаларды монтаждау үдерісіне жетекшілік етеді;
дайын айрықша музыканы бекітуге қатысады;
музыкалық фонограммаларды монтаждайды;
дыбыстық жазбаға музыкалық материалдарды дайындайды және оның көркемдік сапасын қамтамасыз етеді;
дайындықтарды өткізу, дыбыс жазу үшін қажетті дыбыс техникалық құралдарын белгілейді;
микрофондарды орналастыруға жетекшілік етеді, ерекше дыбыстық әсерлердің сынамалық жазбаларын жүргізеді;
техникалық құралдарды пайдалана отырып, іс-шаралардың дыбыстық безендірілуін жасайды;
іс-шараларды жасаудың дайындық кезеңіне қатысады;
ағымдағы репертуар қойылымдарында фонограммалардың дыбысталу сапасын қамтамасыз етеді;
көрермендер аудиториясын ұлғайтуға бағытталған орындаушылық өнерді насихаттау жұмысына тікелей қатысады;
дыбыс жазушы және дыбыс үдетуші жабдықтарды алдын ала тексеру және ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстарын жүзеге асырады;
жұмыс уақытында еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау талаптарын сақтайды. Қоғамдық жұмыстарға қатысады. Әкімшілік, бөлім басшысы тарапынан берілген тапсырмаларды сапалы және уақтылы орындайды.
Білуі тиіс:
Конституцияны;
Еңбек кодексін;
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын;
композиция негіздерін, акустика және дыбыстық техника саласындағы жетістіктерді, концерттік ұйымдарда қолданылатын дыбыстық жазба және дыбыс жаңғыртушы аппаратураларының жұмысын және құрылғыларын, акустикалық ерекшеліктерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейлі маман:
санаты жоқ: өнер және гуманитарлық ғылымдар (музыкатану) кадрларды дайындау бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кәсіби қызмет бағыты бойынша 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
біліктілігі орта деңгейлі маман:
санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, «аспаптық орындаушылық және эстрада музыкалық өнері» мамандығы бойынша кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.
сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының сайтына жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Төле би көшесі 18/4. Тел. (87262) 50-15-64
Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
- Түйіндеме;
- Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
- Білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
- Еңбек кітапшасының (болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, не еңбек өтілін растайтын құжат, не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с) бере алады.
Конкурс өтетін күні: 2024 жыл 18 қаңтар. Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Төле би көшесі 18/4.
Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.