Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың туғанына 92 жыл
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Ақынның азан қойып шақырған аты — Мұхаметқали. Бірақ ата-анасы пайғамбар атымен жүру ауыр тиеді деп сәби күнінен "Мұқағали" деп еркелеткен. Мұқағали Мақатаевтың алғашқы жыр жинағы 33 жасында шыққан. Бұдан кейін 1964-76 жылдар аралығында сегіз жыр жинағы жарық көреді. Бүгінде ақыннан 1 000-нан астам өлең мен поэма қалды.
#madeniet08 #zhambyl_ocnt

#madeniet08 #zhambyl_ocnt
