Бүгін:

Сейіт Кенжеахметов атындағы «Мірдің оғы» республикалық әзіл-сықақ театрлар байқауында Талас халық театры І орынға ие болды!


Сейіт Кенжеахметов атындағы «Мірдің оғы» республикалық әзіл-сықақ театрлар байқауында Талас халық театры І орынға ие болды!

Қостанай облысы, Меңдіқара ауданында өткен сатирик-жазушы, этнограф-ғалым Сейіт Кенжеахметов атындағы «Мірдің оғы» республикалық әзіл-сықақ театрлар байқауына еліміздің түрлі өңірінен келген 8 өнер ұжымы қатысып, өзара бақ сынады.

Бұл мәртебелі өнер сайысында Орал, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау облыстарынан және Жамбыл облысы, Талас ауданынан келген «Талас» халық театры жарқын өнер көрсетіп, көрермен мен қазылардың жоғары бағасына ие болды.

Байқауды бағалаған қазылар алқасы:
– Асылбек Боранбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
– Нұрлыбек Жұбатқан, жазушы-сатирик
– Бауыржан Орда, ҚР мәдениет қайраткері

Осындай талғампаз қазылар мен мықты театрлар бас қосқан додада «Талас» халық театры
 I орынды иеленіп, үздіктер қатарынан көрінді!

Бұл — ауданымыздың ғана емес, жалпы өңіріміздің мәдениет саласындағы үлкен жетістік, айтулы жеңіс!

Облыстық халық шығармашылығы орталығы атынан ұжымды шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық шабыт, толағай табыс, жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!

Өнерлеріңіз өрге жүзсін!

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз