Бүгін:
kz ru

Мәдени-демалыс қызметін ұйымдастыру бөлімі

Облыстық халық шығармашылығы орталығының мақсаты мемлекеттік және мемлекеттік емес клуб жүйелеріне, ұлттық мәдени орталықтарға, қоғамдық бірлестіктерге, талап етуші жеке тұлғаларға әдістемелік ұйымдастыру, тәжірибелік жұмыстарды жетілдіру, халық шығармашылығының дамуына ықпал ету.

Облыстағы клуб мекемелеріне әдістемелік-тәжірибелік көмек беру жұмыстарымен айналысады. Тұрғындарға  мәдени – демалыс қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру және заман талабына сай жұмыс түрлері мен жаңа әдістерді аудандық, ауылдық клуб мекемелеріне әдістемелік құралдар мен ұсыныстар беріп көмек көрсетеді.

Мәдениет үйлері мен клубтардағы көркемөнерпаздар ұжымдарының репертуарларын байыту тұрғысында жергілікті жердегі жаңа шығармаларды көркемөнерпаздарға әдістемелік құралдар әзірлеп жеткізеді, сондай-ақ, олардың өнерін насихаттау және орындау шеберліктерін арттыру мақсатында түрлі мәдени іс-шаралар (халықаралық, республикалық, облыстық конкурстар мен фестивальдер, семинарлар, )ұйымдастырады.

Талант иелерін әртүрлі деңгейдегі өнер фестивальдері мен конкурстарға қатысуына ықпал етеді.

Ауыл мәдениетін көтеру және ауыл халқын мәдени-демалыс және ақпараттық қызметтер кешенімен қамтамасыз ету мақсатында ауыл өнерпаздарына арналған түрлі байқаулармен фестивальдар, жас ақындар айтыстары, тақырыптық кештер, акциялар, пікір-талас кештері және дөңгелек үстелдер ұйымдастырып өткізеді.


 
  • 1 040