Мақтақыз Зиятбекқызы "ӨНЕРДЕГІ ӨМІРІМ"
Жеңсікбаева Мақтақыз Зиятбекқызы – кітапхана саласының жанашыры, ұлағатты ұстаз, тәжірибелі ұйымдастырушы.Өмірінің 30 жылдан астамын кітапхана ісіне арнаған маман – бүгінде Жамбыл облыстық ғылыми кітапханасының директор орынбасары.
Ауыл кітапханаларын жандандырып, жас мамандарды тәрбиелеуде, цифрландыру бағытында нәтижелі еңбек етіп келеді.
Ол – «Мәдениет саласының үздігі», «Кітапхана ісінің шебері» төсбелгілерінің иегері. Жамбыл облысының 80 жылдығына орай «Еңбегі сіңген қызметкер» атанды.
Ұлт руханиятына адал қызмет еткен осындай жандардың еңбегі – ерекше құрметке лайық!
Мақтақыз Зиятбекқызындай тұлғалар –
мәдениет майталмандарының жарқын бейнесі!
▶️ Толық нұсқасын
Жамбыл облыстық халық шығармашылығы орталығының YouTube арнасынан тамашалай аласыздар!