Бүгін:
kz ru

Мониторинг және ақпараттық- әдістемелік жұмыстар бөлімі

Облыс клуб мекемелерін басқаруды бір жерге топтастыра отырып, оларға әдістемелік көмек беруді, халық шығармашылығының түрлі жанрларының дамуына ықпал етіп, көркемөнерпаз ұжымдарына тәжірибелік көмек беруді ұйымдастырады.

Мәдени-қызмет көрсету мекемелерінде көркемөнерпаздар   ұжымдарына, әуесқой бірлестіктерге, клуб мекемелеріне әдістемелік басшылық жасайды.

Әдістемелік нұсқаулар, сценарийлер, ақпараттық- әдістемелік жинақтарды дайындайды. 

Орталыққа түскен хаттарға, хаттамаларға жауап әзірлейді; сайтқа ақпараттардың дер кезінде берілуін  қадағалайды.

Облыстық халық шығармашылығы орталығының, облыс бойынша клуб мекемелерінің жылдық, жартыжылдық, тоқсан, айлық есебін дайындайды;

Клуб мекемелеріңің  жұмыстары    бойынша мониторинг жүргізеді, даму динамикасын талдайды, ақпараттар береді.

Мәдени-демалыс қызметінің жаңа әдістерін зерттеу, тәжірибе енгізу, көркемөнерпаздар ұжымдарының шығармашылық деңгейін көтеру мақсатында семинар, кеңестер, шеберлік сағаттар басқа да әдістемелік-тәжірибелік жұмыстарды  жоспарлап, іске асырады.

Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, салт-дәстүрлерін, халықтық, мемлекеттік мерекелерді енгізеді, насихаттайды.

Жаңа жүйемен жұмыс жасау жолдарын маркетинг, менеджмент т.б. облыс мәдени демалыс мәселелерінің жұмысына енгізу үшін әдіскерлік құралдар жазып таратады.

Клуб мекемелерінің материалдық-техникалық базаларының нығаюы және қысқы маусымға дайындығы жөнінде мәліметтерді жинақтайды.

Клуб мекемелерінің мамандармен қамтылуын назарда ұстайды.

  • 3 466