Бүгін:

ТАРАЗДА МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА КІШІ ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ


ТАРАЗДА МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА КІШІ ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

Тараз қаласындағы «Jenis arena» спорт алаңында мәдениет қызметкерлері арасында кіші футболдан жарыс өтті. «Спорт – денсаулық кепілі» ұранымен өткен бұл ерекше шараның басты мақсаты – мәдениет саласында еңбек етіп жүрген азаматтарды салауатты өмір салтына тарту, спортқа баулу, сондай-ақ әріптестер арасындағы бірлікті нығайту.

Ауқымды спорттық іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырды.

Жарысқа басқармаға қарасты жеті  мекеменің қызметкерлері қатысып, өзара бақ сынады. Тек тартысты ойын ғана емес, денсаулықты нығайту мен салауатты өмір салтын дәріптеуге арналған бұл бастама — мәдениет пен спорттың тоғысқан тамаша үлгісі болды.

Турнир нәтижесінде І орынды Облыстық халық шығармашылығы орталығы жеңіп алды. ІІ орынды Кенен Әзірбаев атындағы облыс филармониясы, ал ІІІ орынды Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театры иеленді. Сондай-ақ, «Үздік қақпашы» номинациясын – Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкері Ермек Нарымбетов, «Үздік шабуылшы» номинациясын – облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығынан Рай Дөңбай және «Үздік ойыншы» номинациясын Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының қызметкері – Мадияр Ералыұлы иеленді. Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Абирхан Жанқұлов арнайы келіп, қатысқан әрбір командаға алғысын білдірді. Ол жүлделі орын алған командаларға медальдар мен ақшалай сыйақы табысталды.  

Айта кетейік, әр матч кәсіби төрешілердің қатаң бақылауымен өтті. Жарыс ережелеріне сай, ойын ересектер арасында ұйымдастырылды. 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз