Бүгін:
kz ru

«Асқақтай бер,Мәңгілік ел-Қазақстан!» концерттік бағдарлама.

«Асқақтай бер,Мәңгілік ел-Қазақстан!» концерттік бағдарлама.

Ата-бабаларымыз сан ғасыр армандаған тәуелсіздік еліміздегі іргелі істермен айшықталып,сәт сайын жақындап келеді.

         Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды,толағай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсегеке қабілетті 50 елдің қатарына енді. Тәуелсіздік күні кез келген мемлекеттің ең басты, ең қастерлі мерекесі. Бұл сан мың жылдар бойы ата-бабамыздың ел болып еркіндікке қол жеткізген күні.

Осынау тәуелсіздік аясында Сарысу ауданында іргелі кәсіпорын, еліміздегі фосфор өндірісінің негізгі шикізат базасы балып саналатын «ҚАЗФОСФАТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы «Қаратау» Тау-Кен өңдеу кешені,еліміздің экономикасының дамуына айтарлық

Елеулі еңбектерімен еліміздің өркендеуіне сүбелі үлес қосып кеншілер құрметіне аудан әкімінің орынбасары Динара Асанованың ұйымдастыруымен  аудандық мәдениет үйінің өнерпаздырының қатысуымен «Асқақтай бер, Мәңгілік ел - Қазақстан!» коцерттік бағдарлама қойылды. Бұл шараның өзге мерекелік шаралардан айырмашылығы кеншілер арасында, кең даланың фосфорлы таулы алқабында өтті.

Дәл осы күні ауа райы да жылынып,көктем нұрлы шуағын шашып тұрды. Айнала тау, қазба өндіретін түрлі қырыққа жуық алып  көліктер. Атап айтар болсақ бульдозерден бастап 130 тонналық алып «БелАз», экскаваторлар мен бұрғылау құрылғылары, сап түзеп тұр. Екі жүзден аса кеншілер жиналған ортада тау іші думанға ән-жырға бөленді.

Кеңшілердің ерен еңбегі. Фосфорлы мекен, гүл мекен, Елімнің жарқын ертеңі,-демекші нағыз еңбек қайнаған  өндірістің ошағы «Көксу» кешенінде аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының атсалысуымен дүбірлі шара өтті. Жиналғандардың көңілін бей-жайқалдырмаған осынау көрініс көрермендерді ән-әуеннің қанатында тербетіп,көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Аудан әкімінің, мекеме басшыларының құттықтау сөздерінен кейін, аудандық мәдениет үйінің әншілер үштігі «Тек,алға!» әнімен бастады. «Байтақ елім» сынды  патриоттық әнді әулете шырқаған  Нығметжан Халықовтың дауысы көпшіліктің көңілінен шықты.Аудандық мәдениет үйінің фольклорлық ансаблі «Көрұғлы» күйін нақышына келтіре тартқанда отырғандар бір желпініп  қол суғымен болды.Роза Өтембаева мен Ғалымжан Тезекбаевтың «Сарысу сая мекенім», Жігіттер үштігінің «Илигай»,Ахат Кенжебаевтың  «Дүние-ай» т.б әндермен жиналғандарды тәнтті етті. Басым бөлігі кеншілер қауымын құраған коцертте «Айжан қыз» би ұжымының қыздары «Қайқы қылыш» бимен өздерінің сұлулықтарын көрсетіп өнерлерін паш етті. Бір жарым сағатқа созылған көңілді шараның  жабылуында жігіттер триосы орындаған «Отаным Қазақстан» әніне жиналғандар орындарынан тұрып,қол соқты.

«Ел іші-өнер кеніші» деген. Осылайша аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары кеңшілердің жұмыс орнына келіп, әсем әндер шырқап, күй тартып, би билеп жатқан өнерпаздарға, еңбекке, елге, жерге деген сүйіспеншілігін артырғаны үшін ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, көңілді де қызықты өткен шарадан әдемі әсер алған кеңшілер, дән риза болды.











 

 

 

     

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз