"ЖАН ЖЫЛУЫ"
ЖАН ЖЫЛУЫ
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында, мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай, аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен "Мейірімділік шуағы" атты кеші өткізілді.Кеште ерекше жандар және аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып көрермендер ықыластарына бөленді.Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандар арасында шахмат, тоғыз құмалақ ойындарынан жарыс өтті. Жеңімпаз ойыншыларымызды алғыс хаттармен марапаттап, сыйлықтар тапсырды.






