Бүгін:

«Дін мен дәстүр рухани тәрбие негізі»

2018 жылдың 8 қараша күні аудандық мәдениет үйінде Сарысу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Дін мен дәстүр рухани тәрбие негізі» атты тақырыпта аудандағы барлық орта мектеп және колледж директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, дінтану пәні мұғалімдері мәдениет қызметкерлері және жоғарғы сынып оқушылары мен білімгерлерге арналған аудандық семинар ұйымдастырылды. Аталған семинарға Сарысу ауданының әкімі Б.Нарбаев, Тараз қалалық "Кеңесхан қажы" мешітінің бас имамы Қ.Жұмағұл, Сарысу аудандық мешіттің бас имамы Ғ.Қонақбаев және аудандық теолог маман М.Мырзағараев қатысты. Семинар барысында дәстүрлі дініміздің маңыздылығы, дін мен жастар арасындағы діни сауаттылықтың рөлі, дәстүрлі діни таным экстремизмге қалқан және т.б. осы бағытта түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, семинарға аудандық прокуратура, ішкі істер бөлімі және ҰҚК қызметкерлері қатысты.



 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз