Бүгін:
kz ru

«БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ-КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ»

Аптаның сәрсенбі күні аудандық мәдениет үйінде аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және Сарысу ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі аудандық мәдениет үйінің бірлесе ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі дарынды азаматтардың шығармашылығана қолдау көрсетіп,өмірге деген құштарлығын арттыру мақсатында «БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ-КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ» атты мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қатысуымен аудандық өнер байқауы болып өтті.

 

Аталмыш  байқауға ауылдық аймақтар мен Жаңатас қаласындағы шығармашылыққа  бейім, өнерлі және спортқа қызығушылығы жоғарғы, мүмкіндігі шектеулі 40-қа жуық азаматтар қатысып, «Үздік жасампаз», «Үздік би», «Үздік орындаушы», «Үздік спортшы» номинациялары бойынша өздерінің бақтарын сынады. Байқауды аудан әкімінің орынбасары Омарбек Берген Жақатайұлы ашып беріп қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқауға Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Бықыбаев Ермек Бықыбайұлы арнайы келіп қатысып,осы аталмыш байқаудың біраз жылдан бері өткізіліп келе жатқандығын және біздің ауданымызда жыл сайынғы мерекелік үрдіске айналып отырғандығын, оның жоғарғы деңгейде өтетіндігін тілге тиек етті.

 Байқауда қатысушылар өздерінің  түрлі өнерлерің көрсетіп,ән мен жырдан шашу шашып,дойбыдан және қол күресінен де білек түйістірді .Әсіресе,ең кішкентай қатысушы Назым Орынбасарқызы «Бақытты күн» әнін орындағанда көрермендер орындарынан тұрып, еріксіз қол шапалақтап, сүйсіне тамашалады. Бұл өткен байқау көрермен қауымының көңілінен шыға білді. Нәтижесінде арнайы құрылған әділқазылардың шешімімен жаңатастық Қарақат Жарқынбек  жеңімпаз деп танылып, бас жүлдені иеленді .Ал, Назерке Дүрманбетова үздік би, Әсем Жәкенова үздік жасампаз ,Данай Ермағанбетов үздік спортшы және Назым Орынбасарқызы-үздік орындаушы номинациялары бойынша жүлделі 1-ші  орынды жеңіп алса, Жеңіс  Қойшыбай-үздік биші, Орымбай   Оспанов-үздік спортшы, Бекзат Смағұлов-үздік орындаушы, Рыскелді Айжанов-үздік жасампаз, Ақылбек Хамидуллаев –үздік спортшы номинациялары бойынша 2-ші орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, Мөлдір Қойлыбай-үздік биші, Амангелді Аяжанво-үздік спортшы ,Ақерке Нұржігіт-үздік орындаушы, Еңлік Әділ-үздік жасампаз және Ақынбек Мұрат-үздік спортшы номинациялары бойынша 3-ші орынды өзара бөлісті. Бұл іс-шарада аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары да өз үлестірін қосып, келген қатысушылар мен  конақтарға арнайы дайындаған  концерттік бағдарламаларын ұсынды

Жеңімпаздарды Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ермек Бықыбаев пен аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Болат Үсенбаев марапаттап ,арнайы бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттарды табыс етті.

Сонымен қатар, барлық қатысушыларға ұйымдастырушылар тарыпынан арнайы сыйлық таратылды.
























 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз