Бүгін:

«Ата Заңым-еркіндігім»

«Ата Заңым-еркіндігім»

 

 Құрметті Қазақстандықтар баршаңызды  ұлық мереке-Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бүгін, егемен еліміздің бас құжаты Ата Заңымыздың қабылданған күні. Конституциясын қабылдаған Қазақстан өзін әлемге демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетет ретінде жария етті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде «Ел-жұрттың талқысынан өтіп таңдауына айналған басты құжатымыздың авторы-бүкіл Қазақтан халқы» екендігін атап көрсетті.

Халықтың қалауымен өмірге келген негізгі Заңымыз-әрбір азаматтың өзін тең сезінуіне және құқықтарын сақтауына берік негіз болды.

22 жыл бұрын қабылданған еліміздің Ата Заңы жүздеген жылдар бойы қалыптасқан адамзат баласының жалпы құндылықтарын өз бойына сіңірді. Ата Заң - біздің азаттық алғалы атқарған барлық істеріміздің алтын таразысы болып табылады.Оның ең қымбат қазанасы-адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары.Ол еліміздің тұрақтануы мен өркендеуінің негізі мен кепілі.

Бүгінде дүниежүзі мойындаған өркенді өнегелеріміз Ата Заңымыздың аясында жүзеге асып келеді. Біз тәуелсіздік арқылы ғасырлық мәні бар орасан зор жетістіктерге қол жеткіздік.Әлем жұртшылығы алдында мерейіміз артып,абыройымыз асқақтады. Ата Заң арқылы асқар асуларды алған біз бүгінде жаңа кезеңге қадам бастық. Сондықтан біз баянды істеріміздің бастауы болған бас құжаттарымызды ардақтай берейік.

 

Бірлігіміздің мызғымастығына, мемлекеттік құрылыс пен еліміздің тұтастығына арқау болған Ата Заңымыздың айбыны арта берсін.

Ата Заңды ардақ тұтқан өнегелі еліміз өркендей берсін.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Конституциямыз ғұмырлы, елдігіміз  мәңгі болсын ағайын.

Ізгі ниетпен Сарысу ауданы аудандық мәдениет үйінің ұжымы.

 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз