Ауған соғысы құрбандарына арналған митинг
Кеңес Одағы әскерлерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасы аумағынан Шығарылғанына бүгін 30 жыл толып отыр.
Ауған соғысының табиғаты да тарихы да өзгеше. Ол уақытта 18 бен 20 – ның арасындағы өрімдей жастар, бас - аяғы 22 мың қазақстандық өзге азаматтар мамыражай тіршілік етіп жатқан кезде бөтен елде өздерінің отан алдындағы борышын өтеді. Соғыс деген қаралы ұғым. Ауған соғысында мерт болғандар мен ардагерлердің алдында қашанда бас иеміз»,- Ауған соғысына КСРО құрамына 22 000 қазақстандық қатысты. 2 238 күнге созылған соғыста 924 қазақстандық мерт болып, 1015 жауынгер мүгедек болып қайтты. 21 адам хабар – ошарсыз кетті.
Ауған соғысы құрбандарына арналған Аудан әкімінің гүл шоқтары қойылып. Ауған жерінде Отан үшін мерт болған Кеңес Одағы әскерлерін еске алу үшін 1 минут үнсіздік жарияланды.
Сөз Аудан әкімінің орынбасары Қалымбетов Бақытжан Алдасүгірұлына беріліп, ардагерерді құттықтады.Аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қалыбаев Жамбыл ағамызға берілді және М.Жұмабаев мектеп- лицейінің оқушылары Ауған соғысы ардагерлеріне арнап әдеби -монаждарын оқыды.