«Ел бірлігі – Елорда»
5 шілде күні аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен аудан әкімдігінің үлкен залында «Ел бірлігі – Елорда» атты Нұр-Сұлтан күніне арналған салтанатты жиын өтті. Меркі тұрғындарын Еліміздің бас қаласы Нұр-сұлтан күнімен аудан әкімі Өмірбеков Мейірхан Азатұлы құттықтап, Елорда мерекесіне орай бір қатар азаматтарды жеткен жетістіктері үшін марапаттады. Олар "Көне Тараз Күмбірі" облыстық байқауынан бас жүлде иегерлері "Меркі әуендері" ән-би ансамблі, Көкшетауда өткен "Алтын дән" байқауда домбыра номинациясы бойынша бас жүлде иегері Абуталим Айдан т.б. азаматтар марапаттарға ие болды. Аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары әннен шашу шашты.