«Анашым асыл-бағым»
8-наурыз күні Ақермен ауылдық мәдениет үйінде «Анашым асыл-бағым» атты мерекелік концерт өтті. Концертте мәдениет үйінің жанынан құралған "Ақ бастау" әуесқой әжелеріміздің «Анаға жыр» әні орындалып, «Соқыр ана» сахналық қойылымы көрсетілді. Ауыл әкімі ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтап, көп балалы аналарды марапаттады. Іс-шара ауылдың өнерпаз жастарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.






