Бүгін:
kz ru

"Жамбылым қандай тамаша"

11-қараша күні "Ақермен" ауылдық мәдениет үйінде "Жамбылым қандай тамаша" атты Жамбыл облысының 80 жылдығы аясында аудандық өнер фестивалі өтті.
**Фестивальдің құрылтайшысы және ұйымдастырушысы : Меркі ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен "Орталықтандырылған мәдениет үйлер және клубтар жүйесі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
**Фестивальдің мақсаты: Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойын насихаттау, отанды сүю, аудандағы өнерлі, дарынды өнер ұжымдарының шығармашылығын дамыту, мәдениет үйлері мен көркемөнерпаздар ұжымдарының репертуарын байыту. Өнер жанрларының шеңберін кеңейту, орындаушылық шеберліктерін арттыра түсу, жаңа шығармашылық топтарды анықтау, жастар мен өнер ұжымдарының эстетикалық талғамын дамыту, халықтық дәстүрлі өнер түрлерін кеңінен насихаттау.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз