Талас ауданы өнерпаздарының концерті өтті
2017 жылдың 25 тамызы күні Тараз қаласындағы Төрткүл керуен сарайында Талас ауданы өнерпаздарының «Тамаша неткен, Таласым менің!» атты концерті өтті.
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында өткізіліп отырған шараға «Медия» бишілер тобы, тараздық ақын Үміт Битенова, Еркем Шоқыбасова, Мұхтар Наватов сынды бірқатар талант иелері қатысып, өнерлерін ортаға салды. Шара барысында келген көпшілік назарына Талас аудандық мұражайы мен Ілияс Жансүгіров атындағы кітапхана ашық аспан астындағы көрмесін ұсынды.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және Талас аудандық мәдениет тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен мерекелік шара осылайша жоғары дәрежеде өтті. Талас ауданының өнерпаздары тараздықтардың зор қошеметіне ие болды