Мойынқұм ауданы өнерпаздарының концерті өтті
2017 жылдың 23 тамызында дәстүр бойынша «Төрткүл» керуен сарайында Мойынқұм ауданы өнерпаздарының «Мойынқұмның даласы мен әуені атты думанды сазды концерті өтті. Алыс шақырым жолдармен киелі Тараз қаласына ән мен жырдан шашу шаша келген мойынқұмдықтар жұртшылықты әуезді ән, тамылжыған бимен, құлақ құрышын қандырар күймен баурады.
Думанды шара Мойынқұм ән-би ансамблінің орындауында күй атасы Құрманғазының «Балбырауын» туындысымен ашылды. Концерт барысында «Қарлығаш би тобы», Г.Тәтимова, А.Жолдасбек, Ж.Омарова, Е.Айтқабыл сынды түрлі талант иелері өнер көрсетіп, көпшілік назарын өздеріне бұрса, келген көпшілік ашық аспан астындағы Ж.Қуанышбаев атындағы мұражай және аудандық орталықтандырылған кітапхана көрмесін тамашалады.
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында өткізілген думанды кеш Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжатттама басқармасының облыстық халық шығармашылығы орталығы мен Мойынқұм аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өтті. Қыркүйек айының ортасына дейін «Төрткүл» керуен сарайында апта сайын дәл осындай мерекелік кештер жалғасын табады.






