Бүгін:

XXVI «Аймақты әнмен тербетіп…» республикалық өнер мерекесі

XXVI «Аймақты әнмен тербетіп…» республикалық өнер мерекесі

2025 жылдың 11–12 қыркүйек күндері Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен дәстүрлі «Аймақты әнмен тербетіп…» республикалық өнер байқауы өтті.

Фестивальдің мақсаты:
Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, халық музыкасын насихаттау;
Жаңа орындаушыларға шығармашылық жол ашу;
Жас таланттарды халыққа таныстырып, кәсіби деңгейін арттыру.

Байқауға қатысқан Т.Рысқұлов ауданының намысын қорғаған Сәрсенбаева Жансая үздік өнер көрсетіп, жүлделі ІІ орын мен ақшалай сыйлыққа ие болды.  

Өнерлі жастың әр қадамына сәттілік тілейміз!

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз