Бүгін:

Наурыз тойы Жуалы ауданында

Ұлық мейрам – Ұлыстың Ұлы күнін аудан тұрғындары өзіндік сән –салтанатымен атап өтті.Ерекше мерекенің қызығын көруге аудан орталығына ағылған халықтың қарасы мол болды. Күн сәскеге таяна орталық алаңға жұрт лық толды. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағында ағайынның бір –біріне деген ықыласы ыстық. Орталық алаңның жоғарғы жағын бойлай қонған ақшаңқан киіз үйлер, асулы турған қазан ошақтан шыққан түтін ертедегі қазақ ауылының тұрмыс тіршілігін еске салғандай. Әр отаудың сәні мен сыны, безендірілуі әртүрлі, бас сұққан көпшілікке ұсынған ас-суы мәзірі де бір –біріне ұқсамайды. Дастарханға дәстүрлі сусын «Наурыз көжеден» бастап, ұлттық тағамдар –жент, майсөк, құрт, бауырсақ, палау, еттен жасалған қаза –қарта, басқа да жеңсік астар молынан қойылды Бір сәтте алаңға ат мінген жаршылар шығып сүйінші сұрап, жыл басы Наурыз келгенін хабарлады. Мерекенің басты кейіпкері – Қыдыр ата дүйім елді аузына қаратып, қос білегін көтеріп, халыққа ақ батасын жолдады. Аудан тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мерекесімен құттықтап, қуанышына ортақтасу үшін аудан әкімі Ергебеков Нарбай Әбілқасымұлы сахна төріне шығып аудан жұртшылығын көктемнің ең көркем де асқақ мәртебелі мерекесімен құттықтады. Әрі қарай мерекелік шара аудан орталығындағы орта мектептердің өнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарламамен жалғасты. Олар кезекпен шығып қосыла ән шырқап, би билеп, мерекелік сауықты тамашалауға жиналған көрерменге көтерікі көңіл күй сыйлады.Мың бұралған билері биленіп, салт дәстүрден көріністер көрсетілді. Қазақы ою –өрнекпен кестеленген киімдер, бұйымдардың көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Шара барысында ұлттық спорт ойындары да қағыс қалмады. Бозбалалар білектесу, асық ату, арқан тартыс сынды ойындарға қатысып, күш сынасып бақты. Ерекше мерекеде ұлттық ойынның бір түрі- қошқар көтеріден жарыс болды. Сахна аңында сейіл құрған топтың бәсін қыздырғаны да осы болуы керек. Жарысқа салмағы 70 келі тартатын қошқар тігілді. Сайыс ережесі бойынша қошқарды иыққа салған азамат бір орында отырып- тұрып мойныдағы жүгін барынша көбірек көтеруі тиіс. Күш сынасуға шыққан белі бекем, иығы мықты, қарулы азаматтар аз болмады










 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз