Бүгін:

Жуалылықтар интернационалдық борышын өтеу барысында қайтыс болған жауынгерлерді еске алды.

Бүгін 15 ақпан күні  Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толды. 10 жылға созылған соғысқа 22 мыңнан аса отандасымыз қатысты. Солардың мыңға жуығы жат жерде жан тәсілім етсе, жиырмадан астамы із түссіз жоғалғандар тізімінде. Атаулы күнге орай Жуалылықтар интернационалдық борышын өтеу барысында қайтыс болған жауынгерлерді еске алды. Ауған соғысы ардагерлерінің ескерткіші алдына гүл шоқтары қойылды. Сол жылдарда ерлікпен қаза тапқан боздақтарды еске алып, 1 минут үнсіздік жарияланды. Ауғанстан соғысының құрбандарын еске алуға арналған жиынның алғашқы сөзі аудан әкімі Көпбосынов Бақтияр Бейсенбайұлына берілді. Қазіргі таңда ауданда 67 Ауған соғысының ардагері түрлі салада еңбек етіп келеді. Ардагерлерді еске алуға арналған кеш меркелік-шараға ұласты. Патриоттық әндер орындалып , шайқаста қаза тапқан азаматтарға арналып видеошолу жасалды. Біздің, Ауған соғысының ардагерлері өскелең ұрпаққа ақыл бере алады. Біз осымен мақтанамыз, қуанамыз. Ауған соғысы жүрекке жазылмайтын жара салған, тарихтағы қан сіңген қызыл парақ. Тиісінше, осы соғыстың ардагерлерін құрметтеу әрқайсымыздың парызымыз.

           











 











 
 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз