Жастар жылына арналған "Армандар орындалады" атты аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының мерекелік бағдарламасы
22 қараша сағат 11.00 де аудандық мәдениет үйінде Жастар жылына арналған «Армандар орындалады» атты мерекелік бағдарлама көрермен назарына ұсынылды. Шараның мақсаты: жастарды ынталандыру, арманға жетуге болатындығын оқиға, ән мен әзіл арқылы жеткізу. Ауданымыздан шыққан талантты да талапты жастардың өмірін үлгі ретінде алып, көрерменге ұғындыру.
Шараның ашылуында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ү. Қ. Найманова жастарды биылғы жылмен құттықтап, тілегін білдірді.
Жастар жылында аудан бойынша әр салада жетістікке жеткен жастар ЛЭД экраннан қойылым арқылы көрсетілді. Ауданға қарасты ауыл өнерпаздары ән мен биден келушілерге көңіл күй сыйлады.