Бүгін:
kz ru

«Латын әліпбиі – өркениет жолы»

Латын әліпбиіне көшу – жай әліпбиді ауыстыра салу емес, ол біз үшін өркениетті шешім. Бұл біздің ашық әлемнің бір бөлігі болуға талпынуымызды, алға жылжығымыз келетінін растайды және бұл осыған дейін Қазақстандағы білім беру жүйесін жетілдіру туралы идеялармен байланысты болып тұр. Бүгінгі таңда  ең өзекті, тағдыр шешті мәселенің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру. Осы мақсатта  26 қараша күні  - қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен №3 қалалық кітапханада кітапхана оқырмандарымен және мәдени қызметкерлерінің қатысуымен «Латын әліпбиі – өркениет жолы» атты ақпараттық сағат өткізілді.Іс-шарамыздың мақсаты: Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру.

         Қалалық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі А.Самбекова  өз баяндамасында, латын әліпбиінің тиімділігін айтты. Іс-шара барысында латын әліпбиіне көшудің ең басты қажеттілігі, қазақ тіліндегі сөздердің айтылуындағы өзгерістер, ұтатын және ұтылатын тұстары талқыланды.  


Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз