Бүгін:
kz ru

«Латын әліпбиіне көшу – заман талабы»

Қазақ жазуының латын графикасына негізделген әліпбиге көшуі – елімізді рухани жаңғыртудың басты өзегі болып отыр. Ұлттық жаңғыру бағытындағы атқарылатын шаралардың бірі ретінде тұңғыш Елбасының қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі туралы айтқан ойлары бүгінде нақты іспен іске асырылуда.
Осы орайда, Шу қалалық мәдениет үйі 2019 жылдың 23 қазанында латын графикасын енгізуді қолдай отырып, дамыту мақсатында С.Сейфуллин орта мектебінде «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты іс-шара өткізді. Іс-шараға қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сариева Жанар және 8 –сынып оқушылары қатысып, ат салысты.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз