Бүгін:
kz ru

«Ұлттың ұлы анасы-тіл» атты аудандық жыр мүшәйрасы

«Нұр Отан» партиясы Сарысу аудандық филиалының қолдауымен Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі,және аудандық мәдениет үйінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Ұлттың ұлы анасы-тіл» атты аудандық жыр мүшәйрасы өтті.

Мақсаты: Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, жас жазба ақындарының ана тіліне деген  құрметін аттыру, қазақ тілі мәртебесін көтеру, тілін, ділін, елін білуге, тануға, үйренуге шақыру, мәдениетті, әдеби тілде сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін дамыту, ана тілін құрметтеуге, сүюге, дәріптеуге тәрбиелеуеліміздің тұрғындары арасынан талантты жастарды іздеп табу.  Және Ана тілінің қадір-қасиетін түсіну, тілді шұбарламай таза сөйлеу және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту

Сайысқа қатысушы он төрт  жас ақын қаламдарынан туған «Ана тілім», «Тілім менің», «Қазақ тілі-ғажап тіл», «Тәуелсіздік», «Туған жер», «Махамбетке арнау атты жырларын тебірене оқып, ыңдармандар көңілін бір серпілтіп тастады.

        Бүл іс-шараға жалпы 17 үміткер қатысты.Сонымен қатар жүзден жүйрік атанған Саудакент ауылдық аула клубы «Тіл дамыту» үйірмесінің жекешісі Мадияр Ишанбеков бірінші, «Болашақ» балабақшасының  тәрбиешісі Гүлнұр Темірлан  екнші орындыиеленсе,ал үшінші орынды М.Әуезов атындағы орта мектептің оқушысы Шапағат Айтбекова өзара бөлісті. Аудан әкімдігі мәденит және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ғалымжан Рыспанов құттықтау сөз сөлеп жеңімпаздарды Алғыс хат және бағалы сыйлықтармен мараппатады.

Туған тілім -бабам тілі- өз тілім,

Туған тілім-ана тілі- өз тілім.

Туған тілім- далам тілі-өз тілім,

Туған тілім-адам тілі-өз тілім.

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!

 

Дей отырып, өз ана тілімізді дінімізді қастерлеп құрметтеп Тәуелсіз еліміздің өркендеу аясында өз тілімізді мадақтап,қадірлеп бағалау арқылы, өз тіліміздің арқасында Тәуелсіз Егеменді Ел болғанымызды  ұмытпайық Қазақ Елі!!!








 

 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз