"Құлан жұлдызы - 2017" аудандық байқау









Құлан өңірінде өнер деген өлкеге талпынып, қадам басқан жас таланттардың жолын ашатын дәстүрлі «Құлан жұлдызы-2017» байқауы өткізілді.
Байқауға аймақтық іріктеу байқауларының жеңімпаздары қатысты. Жас ерекшеліктеріне қарай өнер көрсеткен балғындардың І-ші тобындағы 6-8 жас аралығындағы әнші балапандар балалық шаққа саяхат және «Ардақты ата-ана» тақырыбындағы әндерді шырқаса, ІІ-ші топта өнер көрсеткен балғындардың барлығы алдымен халқымыздың мәдени мұрасын паш ететін халық әндерін әуелетті.
Келесі кезекте 9-12 жас аралығындағы өнерпаздар «Туған жер» тақырыбы аясындағы әндерді, 13-17 жас аралығындағылар патриоттық рухты жанитын әскери әндермен бірге еркін тақырыптағы әуезді әндерді орындады.
Тартысты өткен байқауда кішкентай әншілер тобынан Н.Мейрам бас жүлдені иеленсе, Ұ.Мейрам, І-ші орыннан көрінді, II-ші орынды /екеу/ Т.Әділбек ,Н. Нұргелдіқызы, III-ші орынды /үшеу/ Ж.Құлбектегі, Д.Төлеген, Қ.Арон-Рашид иеленді.
Орта буындағы өнерпаздар ішінен, бас жүлдені А.Орынбасар жеңіп алса, I-ші орынды А.Білдібай иемденсе, II-ші орын /екеу/ А.Қалдыбаева, З.Медербек иеленді. III-ші орын /үшеу/ М.Ноғайбаева, Ж.Райымқұлова, М.Абраманова жеңіп алды.
13-17 жас аралығында,I-ші орынды А.Жұмабек, II-ші орынның /екеу/ А.Төлебаева,А.Оразалы иегері атанса, III-ші орынды А.Айтқұлова,
Т. Сәменқұлов, М. Асқарбек иеленді, бас жүлдені Ж.Кәрім бас жүлдені иемденді.
Көрермендер алдына іркілмей шығып, өз өнерлерін паш еткен жеңімпаздарға Құрмет грамоталары мен бағалы сыйлықтар табыс етілсе, қалған қатысушы үміткерлер Мақтау қағаздарымен марапатталды.