Қазақтың белгілі қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың туған күніне орай «Заманның заңғар перзенті» атты дөңгелек үстел өтті.
Бүгін Мойынқұм аудандық мәдениет үйінде «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» аясында Қазақтың белгілі қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың туған күніне орай «Заманның заңғар перзенті» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс- шараға аудандық орталықтандырылған кітапхана қызметкерлері мен мәдениет үйінің ұжымы қатысты. Дөңгелек үстелді Театр режиссерінің көмекшісі Игенов Исахан баяндамамен ашты. Сонымен қатар орталық кітапхананың әдіскерлері Күлекеева Сая мен Шубаева Мақпал Д.Қонаев атамыздың өмірінен кітаптардан шолу жасады. Сұрақтар қойылып, өмір деректерінен қызықты жауаптар алынды.
