ҚР-ның Елордасы Астана қаласының 20 жылдығына орай «Ел жүрегі -Астана» атты Меркі ауданының мәдениет және өнер күндері
19-шілде күні ҚР-ның Елордасы Астана қаласының 20 жылдығына орай «Ел жүрегі -Астана» атты Меркі ауданының мәдениет және өнер күндері аудандық мәдениет үйінде өтті.
Елбасы кіндігін өзі кесіп, атын өзі қойған Астана – бостандықтың бел баласы, халқымыздың көзінің нұры, жүрегінің жыры, бабаларымыздың жүзеге асқан кешегі арманы, балаларымыздың ертеңге үміт артқан асыл мұраты. Бүгінде көк байрағы көгінде жайнап, Бәйтерегі биікке бойлап, 20 жасқа толғанын тойлаған ақордалы Астана – жер шарындағы ең жас қала!