ҚР-ның Елордасы Астана қаласының 20 жылдығына орай «Ел жүрегі - Астана» атты Меркі ауданының мәдениет және өнер күндері
7-шілде күні сағат 18:00-де ҚР-ның Елордасы Астана қаласының 20 жылдығына орай «Ел жүрегі - Астана» атты Меркі ауданының мәдениет және өнер күндері Ақермен ауылдық округінде өтті. Ақермен ауылдық мәдениет үйінің алдына қазақ үйлер тігіліп, алты бақан тебілді. Әжелер қазақ халқының жүн түту, диірмен тарту т.б. салттарын көрсетті.Іс-шараны ашып беру үшін Ақермен ауылдық округінің әкіміне сөз беріліп, Ақермен мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының «Астана» әнімен басталды. Мәдениет үйінің жанынан құралған әжелер тобы «Құмыз мұрындық» салт-дәстүрінен көрініс көрсетті. Мәдениет үйінің көркемөнерпаздары Жұманова Розакүл дәстүрлі ән орындаса, Бұлбұл Солтанаева мен Кадирбек Уәли қазақ халқының «Қызбен жігіт» айтыс түрін көрсетті.