1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шара
Үстіміздегі жылдың 1 маусым күні Меркі ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Орталық алаңда сағат 10.00-де 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шара өтті. Іс-шарада сурет, ән, би байқауы ұйымдастырылды. Өнерпаз бүлдіршіндеріміз өз өнерлерін көрсетіп, сый сияпаттармен марапатталынды. Ата – аналарымен іс-шараны тамашалауға келген балаларға, демеушілердің қолдауымен балмұздақтар таратылды.