Бүгін:
kz ru

"Мұқағали - мәңгілік ғұмыр" әдеби - сазды кеш

Байзақ аудандық кітапханасы мен мәдениет үйі қызметкерлерінің бірлесуімен кітапхана жаныннан ашылған Білім орталығында ақиық ақын М.Мақатаевтың туылған күніне орай "Мұқағали - мәңгілік ғұмыр" атты әдеби - сазды кеш болып өтті. Кешке Байзақ аудандық зағиптер қоғамының төрағасы Еркін Жалғасұлы мен бірқатар зағип жандар қатысып, ақынның өлеңдерін оқыды. Кеш барысында ақынның сөзіне жазылған әндері де мәдениет үйінің әншілерінің орындауында қонақтарға тарту етілді. Сонымен қатар аудандағы Сарыкемер мектеп гимназиясының оқушылары да ақынның жыр жолдарыннан оқып тыңдармандардың көңілдеріне жылу ұялатты.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз