Бүгін:
kz ru

"Пай-пай, қазақтың келіндері-ай"

Наурыз мерекесінің қарсаңында Байзақ аудандық әль-Фараби атындағы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен аудандық "Пай-пай, қазақтың келіндері-ай" байқауы болып өтті. Байқауға 15 ауылдық округтен  жас келіндер қатысып өз-ара сынға түсті.Байқау 5 шарттан тұрды. Байқауға қатысушы келіндер бірінші кезеңде өздерін таныстырып өтсе, байқаудың келесі "Тапқырлық" деп аталатын кезеңінде жасырылған ұяшықтардағы сөздердің мағнасын ашып айтуға тырысты. 3-ші кезең "Өрнектесем өмірді өнерменен" деп аталатын кезеңінде келіндер өздерінің өнерлерін ортаға салды. 4-ші кезеңде "тарқатайын түйінін зерделі ойдың" -деп алдын -ала даярланған ұяшықтардағы суреттерге мақал-мәтел құрады. Байқаудың соңғы кезеңінде келіндер бармақтарыннан бал тамған шеберліктерін көрсетіп, ою ойып , кесте тігіп сурет салды.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз