«Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» атты аудандық ақындар айтысының іріктеу кезеңі
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 173 жылдығына орай, Мойынқұм және Шу аудандарындағы мәдениет үйінде «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» атты аудандық ақындар айтысының іріктеу кезеңдері жалғасты.
Аталған додаға аудандардың ауылдық өңірлерінен іріктеліп шыққан жас талантты ақындар өз өнерлерін жиналған жұртшылыққа паш етті. Мойынқұм ауданының төрінде өткен додаға 6 айтыскер ақын қатысып, өз өнерлерін сынаса, Шу ауданындық мәдениет үйіндегі айтысқа 10 айтыскер ақын қатысып, өз өнерлерін сынады. Бұл аудандық аралықты өтіп жатқан жыр додасында бірнеше ақындар облыстық іріктеу кезеңіне жолдама алып отыр.
Сондай-ақ додаға қатысқан барлық айтыскер ақындарға аудан әкімдігінің тарапынан арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табыс етілді.
Еске сала кетейік алдағы уақытта яғни, ақпан айының ішінде Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында облыстық іріктеу кезендері өтеді. Жоғарыдағы жолдама алған барлық ақын осы іріктеуде өздерінің бағын тағы сынамақ.