Бүгін:
kz ru

ЛАТЫН ҚАРПІНЕ КӨШУ АЛАШ ИДЕЯСЫНЫҢ ӨЗЕГІНДЕ ЖАТЫР...

XX ғасыр басындағы ұлт мақтаныштарының басын бір жерге топтастырған "АЛАШ ИДЕЯСЫ" екені баршамызға белгілі. Осындай ұлттық идеяның түпкі тұжырымдамаларының бірі емес бірегейі "латын қарпіне" көшу мәселесін алға тартып зиялыларымыз келешек ұрпақ үшін айқындап еді. Алайда, Кеңестік биліктің тұсындағы цензураның сұрқия саясатының салдарынан қазақ зиялыларын қудалап, өмірлерін талқыға салып құртып жіберді. Соның салдарынан жоғарыдағы ұлттық идея аясындағы қазақ халқының болашағына арналған игі тұжырымдамалар сол арыстармен бірге барса келместің жолымен кете барды.

Енді міне, Еліміз егемендік алғалы бері жиырма жеті жылға жақындады. Осы уақытқа дейін еліміздің әлеуеті мен экономикасы,саяси және мәдени беталысы да ауқымды қарқынмен дамыды. Әрине әліде мемлекет үшін атқаратын жұмыстар жетерлік. Дегенмен де бір қатар ұлттық құндылықтарымыз бен ата-бабаларымыздың армандап, олардың тұсында үзіліп қалған игі істерін жалғастырып отырмыз.

Оған дәлел Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламасы. Аталған бағдарламаның өзегі жоғарыда айтқан "Алаш идеясында" жатыр. Өйткені Елбасы осы бағдарламада 2025 жылға дейін еліміздің латын қарпіне көшуді қолға алатынын айтты. Ал бұл жобаны алаш арыстары XX ғасырда жоспарлап, өкінішке орай жүзеге асыра алмай кетті. Сол бабалардың арманы енді орындалды.
Бүгін Облыстық халық шығармашылығы орталығының қызметкерлері ұжым болып, Республикалық көлемде өтіп жатқан "Латын қарпіне" дайындық барысындағы диктант тапсырып, алдағы уақыттағы кезеңге қаншалықты дайындықтарын байқады.
МАДИЯР ЕРАЛЫҰЛЫ

 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз