Бүгін:
kz ru

Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай «Ел Жүрегі -Астана» атты мәдениет және өнер күндері Жуалы ауданында!

Жастар аллеясындаЖамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай «Ел Жүрегі -Астана» атты Жуалы ауданының мәдениет және өнер күндеріне арналған мерекелік іс шара ү.ж 8 тамыз күні
Б. Момышұлы ауылы, Жастар аллеясында өтті.
Қонақтар іс шара басталғанға дейін аудан орталығына кіре берістегі «Жуалы ауданының Құрметті азаматтары» мен «Мәңгілік ел» саябақтарын тамашалады. Содан кейін тақырыпқа сай безендірілген «Жастар» аллеясына беттеді. Алдымен аллея алдындағы шатыр астындағы қол өнер туындылары мен суретшілер салған суреттермен танысты.
Алтыбақан қасындағы жастардың өнерін көріп, махаббат монументінің алдында М.Назарбеков мен Г.Кашкееваның қыз бен жігіт айтысын тыңдады.
Мерекелік шараны Мыңбұлақ пен Жуалы халық театрының актерлары сахналық қойылыммен ашты. Ортаға батырлар мен бірге хан бейнесін сомдаған актер Ерболат Қаттебеков шығып, тарихтан сыр шертіп, халықтың бірлігін, Астананың асқақтығын баян етті. Осыдан кейін «Қызғалдақ» ән би ансамблінің бишілері «Шаттық» биін билесе, М.Сванбаева «Отырардағы той» әнін нақышына келтіріп орындады. Аудан өнерпаздарының орындауында «Майда қоңыр», «Туған жер», «Бүлдірген», атты халық әндері, «Атамекен», «Елім менің» «Жайлауым бақша жайнаған», «Қазақстаным» атты патриоттық әндер орындалып, халық күйлері ұлттық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен тартылды.
Сондай ақ аудандағы өнер мектері мен Жаңабаевтар отбасылық ансамблінің өнерпаздары да ауданда өткен мәдениет және өнер күндерінің жақсы өтуіне өз үлестерін қосты.





 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз