Шығармашыл жастардың «Жаңа есім-2018» облыстық телевизиялық кастингі
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығы мен «JAMBYL» телеарнасымен бірлесіп өнердегі жас таланттарды іздестіру, үлкен сахнаға шығару, өнерлерін өрістетіп, оларға қолдау көрсету мақсатында 19 маусым күні облыстық қазақ драма театрының кіші залында шығармашыл жастардың «Жаңа Есім-2018» облыстық кастингі өтті.
Облыстық іріктеуге Тараз қаласы мен аудандардан барлығы 61 үміткер қатысты. Атап айтқанда, эстрада - 37, дәстүрлі орындаушылар (жыр-терме, халық әндері) - 4, музыкалық аспаптар (домбыра, қобыз, сырнай, гитара, аккардеон ) - 20.
Облыстық іріктеу кезеңінің сараптау комиссиясының құрамына өнерпаздардың өнерін бағалау үшін Алматы қаласынан Қазақ Мемлекттік қыздар педагогикалық университетінің «Өнер және мәдениет» факультетінің деканы, ҚР мәдениет қайраткері, әнші, композитор, жерлесіміз - Гүлнұр Өмірбаева арнайы шақырылды. Кастинг қатысушыларын Алматы қаласына оқуға түсуге арнайы шақырып, өнерпаздарға жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, Жамбыл облыстық филармониясының қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі, «Men qazaqpyn» дәстүрлі әнші, күйші, термешілердің телевизиялық байқауының облыстық іріктеуінің жеңімпазы - Дулат Байзілдаев, Облыстық халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі - Эльмира Дутбаева болды.
Кастинг қорытындысы бойынша екінші облыстық іріктеуге 22 өнерпаз өтті. Атап айтқанда:
- эстрада номинациясы бойынша Бағысбекова Альбина (Байзақ ауданы), Қалдыбаева Арайлым (Жамбыл ауданы), Сүлейменова Балғын (Жамбыл ауданы), Орынбасар Бақыт (Жамбыл ауданы), Жанай Айдай (Қордай ауданы), Абдіқадыр Қаршыға (Меркі ауданы), Асқарбаева Аяулым (Меркі ауданы), Биболатова Айдана (Сарысу ауданы), Омаров Мейіржан (Сарысу ауданы), Оңғарбеков Ермахан (Сарысу ауданы), Әшімхан Нұрдәулет (Т.Рысқұлов ауданы), Асен Шарапат (Т.Рысқұлов ауданы), Айдарбеков Баубек (Талас ауданы), Сержанов Мағжан (Тараз қаласы), Құтпан Әсел (Шу ауданы), Айнақожа Алия (Шу ауданы);
- дәстүрлі орындау номинациясы бойынша Қуаныш Аружан (Талас ауданы);
- музыкалық аспаптар номинациясы бойынша Нұрадинова Жанель (Байзақ ауданы), Баймағамбетов Нұрдәулет (Жуалы ауданы), Абдрашид Айгерім (Меркі ауданы), Алтайқызы Томирис (Сарысу ауданы), Ибраимов Алпамыс (Тараз қаласы).




