Бүгін:

«Ұлттық құндылық және ұлттық өнер» атты дөңгелек үстел

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының  «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» КМҚК-ның «Тұрғындар арасында өзге ұлттардың көркемөнерін насихаттау» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» ЖҚБ-нің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 15-маусым күні Меркі ауданы №9 Меркі колледжінде «Ұлттық құндылық және ұлттық өнер» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

         «Өмірде екі байлық бар: білім, өнер». Өнер туралы сөз ететін болсақ, алдымен әрбір халықтың дәстүрлі қолөнері ойға оралады. Әрине бұл айтпаса да түсінікті. «Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық».Әр бір ұлттың өзіндік ұлттық құндылығы мен ұлттық өнері болатындығы барлығымызға белгілі. Өзіндік құндылығы мен өнерін сақтамаған ұлт өкілдері ұлт ретінде жойылып жатыр. Қазақстан Республикасы 130 дан аса ұлттың басын біріктіріп олардың ұлттық құндылық және ұлттық өнерін насихаттауға дамытуға мүмкіндік беру арқылы Қазақстанның әлемдік аренада абыройы жоғары.

         Дөңгелек үстел барысында жастарға әр бір ұлттың ұлттық өнерін талқылап, олардың ұлттық аспап, билері жайында сөз етілді. Аудиторияны қамтыған жастардың ішінде түркі, қырғыз, орыс, азербайжан ұлт өкілдері өздерінің ұлттық өнерімен кең таныстырып өтті.





 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз