Бүгін:
kz ru

«Ең үздік ауылдық клуб – 2017», «Театр.KZ» облыстық байқауы Талас ауданында жалғасын тапты

Бүгін кеше ғана жалауын көтерген «Ең үздік ауылдық клуб – 2017», «Театр.KZ» облыстық байқауы Талас ауданында өтті. 
Ат басын қарт Қаратаудың қазыналы мекеніне бұрған қазылар алқасы «Ең үздік ауылдық клуб – 2017» байқауы бойынша Бөлтірік және Бостандық ауылдық клубтарының шығармашылық жағдайы, метериалдық-техникалық базасы, құжаттары, қазандықтарын көріп, жалпы жағдайларын біліп, мәдениет ошағының тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. 
Бөлтірік ауылдық клубының ұжымы қазылар алқасы мен көрермендерге бүлдіршін балаларға арналған «Тәй-тәй шоу» атты сайыс ұсынды. 
Ал Бостандық ауылдық клубында ауданға белгілі сазгер, музыкант, мәдениет саласында жылдар бойы табанды еңбек еткен азамат Серік Керімбековтың шығармашылығына арналған «Сазгер» атты музыкалық кеш өтті. Кешке ауыл тұрғындары жиналып, сазгердің шәкірттері оның ерекше туындыларын нақышына келтіре орындады. 
«Театр.KZ» байқауы бойынша Талас ауданының халықтық театры «Еңлік-Кебек» пьесасынан бір сағаттық қойылым көрсетті. Қазылар алқасы қойылым соңында драматургия, театр өнері жайында кәсіби көзқарастарын ортаға салып, әртістерге сын-пікірлерін айтты. 
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқан облыстың мәдениет саласына үлкен қозғау салатын қос байқау ертең Байзақ, Тұрар Рысқұлов аудандарында өтеді.








 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз