Бүгін:

Байзақ ауданы өнерпаздарының концерті өтті

2017 жылдың 5 қыркүйегі күні Тараз қаласындағы тарихи «Төрткүл» керуен сарайында Байзақ ауданы өнерпаздарының концерті өтті.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық халық шығармашылығы орталығы мен Байзақ аудандық мәдениет және тілдерді дамытуы бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараға басқарма басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев арнайы келіп, қонақ болды.

Думанды кешке облыс пен ауданға танымал «Сарыкемер сазы» фольклорлық тобы,  «Шолпан» фольклорлық ансамблі, «Құлпынай» би ансамблі қатысты. Көрермен назарына «Шахан» халық тетатры Болат Бекжановтың драмасынан үзінді ұсынылды. Концерт барысында ән салған «Ерке» тобы, Мадина Бердиярова, Динара Диханбаева, Жанель Омарәліқызы сынды өнерпаздар халықтың ыстық ықыласына бөленді. Думанды сазды кеш Заман Молдабаевтың орындауында өз туындысы «Байзақ елім байтағым» атты әнімен қорытындыланды.

 

Комментарии 1

Рахима 10 желтоксан 2018 17:22
Шахан театрының бұрынғы әншілері жайлы фото суреттер не болмаса видио жазбалар барма? 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз