Бүгін:
kz ru

«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «Туған жер» кіші бағдарламасы

Сарысу ауданы аудандық мәдениет үйінде кітапхана мен аудандық мәдениет үйінің бірлесе  ұймдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «Туған жер» кіші бағдарламасы аясында аудан халқының мақтанышына айналған, туған жеріне туын тіккен абзал азамат, Сарысу аудандық атқару комитетінің төрағасы қызметін 19 жыл үзіліссіз абыроймен атқарып, халқына қалтықсыз қызмет еткен. Елін сүйген, елі сүйген Қырықбай Асанұлына арналған, Темірлан Әбілдаевтың «Аңызға айналған азамат» атты кітап тұсаукесері өтті.Тұсау кесер рәсімін Сарысу ауданының әкімі Нарбаев Балабек Жанбекұлы мен Асанов Саттар Қырықбайұлы кесіп, кітапхана қызметкерлері Л. Рахымбаева, А. Досаева кітаптың мазмұнымен таныстырды. Тұсау кесерге шақырылған қонақтар ҚР Журналистер одағының мүшесі Республикалық білім ЛТД Жамбыл облысы бойынша өкілі Майлыбай Смағұлов, Жергілікті ақын жазушы : Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Дарабоз сыйлығының гран при иегері, ауданымыздың құрметті азаматы Пернебай Дүйсенбин, Сарысу ауданының құрметті азаматы, медицина саласының ардагері Надуов Несіпбай, Ұзақ жылдар Байкадам жұмысшылар кооперациясының төрайымы қызметін атқарған, «Халықтар достығы» орденімен марапатталған Досжанова Алтын ,
Қырықбай Асановтың інісі ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығында қызмет еткен Қажікенов Тобақұл, ауыл азаматы ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызмет атқарған ауданымыздың құрметті азаматы Төлмағанбетов Арқабай ағаларымыз бен апаларымыз естеліктерін айтып, арнау өлеңдерін оқып өтті.
Қырықбай Асановтың ұл –қыздарының атынан Байкадам орта мектебінің директоры Асанова Лаура Қырықбайқызы келген қонақтарға алғысын білдіріп, кеш қонақтарына "Аңызға айналған азамат" кітабы сыйға тарту етілді.Кеш барысында аудандық мәдениет үйінің жезтаңдай әншісі Абдрахманов Жанарбек Майлықожаның термесін орындап шықты.


 

 


 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз