Бүгін:
kz ru

ҚОРДАЙ ӨҢІРІНІҢ МӘДЕНИ ЖЕТІСТІГІ

1928 жылы Алматы округінің құрамында, кейіннен яғни 1939 жылдан бастап Жамбыл облысының әкімшілік аумағының құрамына қосылған Қордай ауданы бүгінгі таңда облысымыздың саяси және мәдени әлеуеті мен қатар стратегиялық маңызы қарқынды дамыған аудан орталығы болып табылатыны баршамызға белгілі. Ауданның атауына сонау өткен тарихқа құлақ түріп, көз жібертер болсақ, Қордай есімді батыр бабамыздың атымен тікелей байланысты болып шығады. Иә қазақтың кең сахарасындағы қай елді мекен мен жер-су аттарын алып зерделесек, тарихи таныммен тікелей байланысты болып шығатыны заңдылық. Себебі Ұлы даланы мекен еткен көшпелі бабаларымыз өз туған жерін, елін, ата-баба қонысын ерекше қастерлеп пір тұтқаны ақиқат.
Сонымен негізгі тақырыпқа ойыссақ, осынау тарихи тұлғаның есімімен аталатын өңірдің мәдениеті мен өркениетіне үңілетін болсақ, талай-талай мәдениеттің төрінде жүрген ақтаңдақтарды тудырған киелі өңір екеніне көз жеткіземіз.
Мәселен, Кенен Әзірбаев (1884-1976) ж.ж қазақтың әйгілі халық ақыны, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері;
Дәурен Тастанбекұлы Әбіров (1923-2001) ж.ж ҚР халық әртісі, кандидат өнертанушы, қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби балетмейстері;
Өмірбек Байділдаев (1932-1997) сазгер, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі.
Кененова Төрткен 1936 ж. ҚР халық-ағарту ісінің үздігі, мәдениет қайраткері;
Несіпбек Дәутайұлы 1947 ж. Жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты;
Марал Ысқақбай – жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері;
Күміскүл Сәрсенбаева – айтыскер ақын, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған төсбелгінің иегері,
Саят Медеуов – әнші. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері;
Мақсат Базарбаев – атақты әнші;
Айгүл Иманбаева – эстрада әншісі, актриса. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері сынды тағыда басқа өнердің төрінде жүрген мәдениет майталмандары түлеп ұшқан киелі жер екеніне көз жеткіземіз.
Ал осындай өркениеттің өзегі болған өңірде яғни, халықтың мәдениетінің ілгері дамуының негізгі ұйытқысы ол мәдениет ошақтары болып табылатыныңда естен шығармағанымыз абзал.
Қазіргі таңда Қордай ауданында 26 ауылдық мәдениет үйлері мен клубтары халық игілігі үшін жұмыс жасап келеді.
Мәселен, Әлжан ана ауылындағы 1987 жылы салынған ауылдық мәдениет үйі Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Туған жер» жобасы аясында 2017 жылы күрделі жөндеу жұмыстарынан өтті.
Әлжан ана ауылдық мәдениет үйінің жалпы аумағы -1365,15 м2 . Көрермен залы 250 орынды.
2018 жылы ауылдық мәдениет үйі толығымен соңғы үлгімен безендіру жұмыстары жүргізіліп, жаңа технологиялармен жабдықталып, кітапхананың 1 бөлмесінен цифрландырылған ақпараттық орталық ашылды.
Міне осындай жұмыстар арқылы облысымыздың руханияты кең қанат жайып, халқымыздың рухани тынысы кеңейіп, рухани жаңғыруға бет бұру үстінде. Ал Қордай өңірінен жоғарыдағдай ел мүддесі үшін еңбек еткен ата-апаларымыз сияқты мәдениет майталмандары әлі талай жарқырап еліміздің өркениетіне өз сәулелерін шашатынына кәміл сенеміз.

Мадияр Ералыұлы











 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз