14 қыркүйек күні «Мәңгілік ел» аллеясында Отбасы күні мерекесіне арналған «Отбасы-Отанымыздың ошағы» атты мәдени іс шара болып өтті.
Өз отбасында бақытты бола білген жан ғана шын мәнінде бақытты адам» деген сөз бар. Асылында, отбасы әр адам үшін маңызы зор ұғым. Қолдауды, көмекті, қуанышты біз отбасымызда сезінеміз. Қыркүйектің екінші жексенбісінде міне 5 жылдан бері қазақстандықтар отбасы күнін мерекелейді. Қазір жер жерде осы мерекеге арналған іс шаралар өтуде. Ауданымызда шырайлы, шаттығы мол отбасылар жетерлік. 14 қыркүйек күні «Мәңгілік ел» аллеясында Отбасы күні мерекесіне арналған «Отбасы-Отанымыздың ошағы» атты мәдени іс шара болып өтті. Бүгінгі отбасы күніне арналған іс шараның басты қонақтары 50 жыл отасқан – Алтын той иелері, 40 жыл отасқан Күміс той иелері, 30 жыл отасқан Маржан той иелері, 20 жыл отасқан Фарфор той иелері,10 жыл отасқан Раушан той иелері болды. Мерекенің алғашқы құттықтау сөзі Жуалы ауданының әкімі Көпбосынов Бақтияр Бейсенбайұлына берілді. Аудан әкімі меркемен құттықтап, мерейтой иелеріне арнайы сыйлықтар табыс етті. Жас жұбайларға неке куәлігі тапсырылды. Одан әрі іс шара арнайы коцерттік бағдарламаға ұласты.Өнегелі ғұмыр кешкен әкелер, аяулы аналар, өрісі кеңейген отбасылардың нұрлы жолын үлкен өмірге қадам басқанжас жұбайларға берсін! Ертеңі жарқын, келешегі кемел еліміз өркендей берсін.
















