30 мамыр күні аудандық мәдениет үйінде мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған «Мәдениетім - мақтанышым, өнерім – өлкем » атты іс шара болып өтті.
30 мамыр күні аудандық мәдениет үйінде мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған «Мәдениетім - мақтанышым, өнерім – өлкем » атты іс шара болып өтті. Іс шараны ұлт руханияты мен мәдениеті жолында қызмет етіп жүрген мәдениет және өнер қызметкерлерінің төл мерекесіне арналған баяндамамен аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Салтанат Біләнқызы ашып берді. Одан әрі аудандық маслихат хатшысы Тілеубеков Ерғали Өтемісұлы мәдениет қызметкерлерін мерекемен құттықтап бірқатар мәдениет қызметкерлерін марапттады. «Өнер толқыны» атты комедиялық көрініс қойылып залдағы көрермендердің көңілін бір көтеріп тастады. Әрі қарай Жуалы триосы, Жаңабаевтар жанұялық ансамблі, Мадина Свамбева мен Гүлнар Кашкеевалар та5ы басқа да өнер қызметкерлері әндерін орындап іс шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Өнер адам баласының асыл қазынасы. Өнер өзін сүйген пендесіне нұры мен шуағын шашып, қуат бере алады.Ендеше барша мәдениет және өнер қызметкерлері төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз.








