Бүгін:
kz ru

күлкі күні

Күлкі күніне орай  М.Өзбеков атындағы мәдениет үйінің қызметкерлерінің  ұйымдастыруымен  «Күлемізбе..?» атты байқау ұйымдастырылды. Сахна мерекеге сай безендіріліп, шарлар ілінді. Байқаудың мақсаты елді мекендерден талантты жастарды табу, орындаушылық шеберлігін арттыру, оқырман қауымның көңілінен орын алған танымал және жергілікті сықақшылардың шығармаларын халыққа насихаттай отырып, репертуарларына енгізу. Байқауға 15 ауылдан өнерлі өнерпаздар қатысты. Қатысушылар міндетті түрде екі шығарма орындады.

  • Кинофильмдерден үзінді. Уақыты 15 мин

     2.  Еркін тақырып

      Қазылар алқасында  облыстық «Халық шығармашылығы» орталығының көркемдік жетекшісі Э.Дүтбаева болды. Нәтижесінде жүлделі III орын Тереңөзек ауылдық клубына бұйырса, байқаудың II орын жүлдесін Қайыңды ауылдық клубы иеленді. I орын шеберлігі шыңдалып, аудандық мәдениет үйі өнерпаздары ие болды. Бас жүлде әзілдерімен көкейге қонымды ой салған Луговой ауылдық мәдениет үйі қызметкерліне бұйырды. Осылайша жеңімпаздар мен жүлдегерлер алғыс хаттармен бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз