"Әдепті келін - әдемі" атты келіндер байқауы
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»- атты Жолдауында көрсетілгендей осы жылды (2019ж) «Жастар жылы» деп жариялауы кәзіргі таңда басты назарда. Осыған орай клуб қызметкерлері, Биназар ауылдық Жастар ресурстық орталығының инспекторы, ауылдық кітапхана қызметкері бірлесе отырып, «Жастар жылына» орай халқымыздың әдет-ғұрпы, тұрмыс-салты, дүниетанымы, эстетикалық, рухани әлеуметтік көзқарасты қалыптастыра отырып, ұмытылып бара жатқан, салт дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа насихаттап, кейінгі жас ұрпаққа үлгі етіп қалдыру мақсатында «Әдепті келін-әдемі» атты келіндер байқауын ұйымдастырып өткізді.
Байқауға ауылдан 6-жас келін сынға түсіп, байқаудың шарттарына сай өз өнерлерін ортаға салды.
Байқауға ауданнан арнайы шақырылған қонақтар («Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры А.Байғонысов, «Жастар ресурстық орталығының» КММ аға инспекторы Г.Зиябеков, Аудандық мәдениет үйінің әдіскері Г.Тайтимова, аудандық кітапхананың әдіскері сая Кулекеева әділ қазылар алқасына тағайындалып, әділ бағаларын шешіп берді.
Ауданнан келген қонақтар мен ауыл тұрғындары жоғарғы дәрежеде ұйымдастырылған деген оң баға беріп, алғыстарын айтып тарасты.






