Бүгін:
kz ru

«Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» атты аудандық ақындар айтысы

2019 жылдың қаңтар айының 22 жұлдызында Меркі аудандық мәдениет үйінде  ««Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» атты  республикалық ақындар айтысының облыстық іріктеу кезеңі болып өтті. Айтыстың шымылдығы «Меркі әуендері» ән-би ансамблінің «Кеңес» халық күйімен және әнші Шолпан Орманқұлованың орындауындағы сазгер Шабден Омаралиевтің «Жамбыл атам, жалғыз бабам» әнімен ашылды. Ортаға айтысты жүргізуші Аудандық мәдениет үйінің әдіскері Т. Ахметжанов кіріспе сөз сөйлеп, сахнаға айтысқа қатысушы 12 айтыскер ақынды шақырғаннан кейін, ақындарға шын бағасын беретін әділқазылар алқасын таныстырды. Алғашқы құттықтау сөз Меркі ауданы әкімінің орынбасары Әбжапаров Бақытхан Жаханұлы мен Айтыскер ақын Әділқазылар алқасының мүшесі Ербол Қамбатыровқа берілді. Жалпы айтыс өз дәрежесінде өтіп, 6 жұп айтысып болғаннан кейін Әділқазылар алқасының мүшесі қортындылап,  барлық 12 ақынға Облыстық халық шығармашылығы орталығының Алғыс хатымен және Меркі аудандық мәдениет үйінің сыйлықтарымен марапаттады.









 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз