Бүгін:
kz ru

Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған«ПОЭЗИЯ, СЕН ҮШІН!»атты музыкалық композиция өтті.






2021 жылдың 8 ақпан күні аудандық мәдениет үйінде Мұқағали  Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған«ПОЭЗИЯ, СЕН ҮШІН!»атты музыкалық композиция өтті. Композициядағы Мұқағали рөлін "Меркі" халық театрының әртісі Д.Сахов сомдады.  М.Мақатаевтың "Бүгін менің туған күнім!",   “Үш бақытым”, “Көрер едің...”,  "Батар күн... " атты өлеңдері мен тағы да басқа лирикасынан үзінділер мен“Есіңе мені алғайсың”  (Орынд.: Н.Ратаев);   “Қазақстан”  (Орынд.: М.Шалабаев); . “Туған өлке” (Орынд.: М.Алтуева)", "Мен деп ойла" (Орынд.: Г.Нұрлыбаева); “Бақыт деген” (Орынд.: Ұ.Қойлыбекова);, “Сәби болғым келеді” (Орынд.: Д.Андабаев) және“Күрең күз” (Орынд.: Г.Құрамаева, Ш.Орманқұлова) әндерінен құрылған музыкалық композиция көпшілік көңілінен шықты.”Меркі” халық театры мен “Ай-Ару” бишілер тобының сомдауымен "Аққулар ұйықтағанда" поэмасынан көрініс қойылды. Әдемі кештен керемет әсер алған көрермендер өз ризашылықтарын білдіріп қайтты.














Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз