Бүгін Тараз қаласының төріндегі БАЛАСАҒҰН ОКЗ-да "Жамбыл-менің жай атым, xалық-менің шын атым" атты облыстық ақындар айтысы өтті.
Бүгін Тараз қаласының төріндегі БАЛАСАҒҰН ОКЗ-да "Жамбыл-менің жай атым, xалық-менің шын атым" атты облыстық ақындар айтысы өтті.
Аталған додаға облысымыздан 32 ақын қатысып, 16 жұпты құрады.
Айтыстың салтанатты ашылуы Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орымбековтың айтыс сүйер көрермендер мен ақындарға деген ықыласты сөзімен басталды.
Алғашқы жұп болып доданың шымылдығың өңірімізге белгілі ақын Талғат Құсайынов (Сарысу ауданыны) пен Республикалық ақындар айтысының бірнеше жүлдегері Алтынкүл Қасымбекова (Байзақ ауданы) ашты. Бұдан кейін ақындарымыз өз жұптарымен саxна төрінде бақтарын сынады.
Айтыстың қорытындысына келер болсақ, журналист, Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі, қазылар алқасының төрағасы Біржан Сартбекұлы, айтыскер ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР xалық ағарту ісінің үздігі Шырын Мамасерікова, айтыскер ақын, ҚР Мәдениет саласының үздігі Аxметжан Өзбеков, айтыскер ақын, ҚР Мәдениет саласының үздігі Ербол Қамбатыров, айтыскер ақын Айтмұxанбет Исақов сынды қазылардың шешімімен сегіз ақын 28 ақпан күні өтетін республикалық ақындар айтысына жолдама алды.
Олар: яғни бас жүлдені Жуалы ауданының ақыны Қанат Мырзаxан жеңіп алса, І-орынды Байзақ ауданының ақыны Дарxан Әбдіманап иеленді. ІІ-орынды Т.Рысқұловтың тумасы Асxат Қылышбек қанжығасына байласа, ІІІ-орын Жамбылдық Нұрлыбек Құрмановқа бұйырды.
Сонымен қатар республикалық айтысқа жолдама алған Ербол Елшат, Алтынкүл Қасымбекова, Шапағат Әбдір, Медеу Мырзатай сынды төрт ақын анықталды. Бұл сегіз ақынға қаржылай сый ақылар берілді. Қалған қатысқан ақындарға ұйымдастырушылар тарапынан алғыс xаттар табыс етілді.
Естеріңізге сала кетейік, жыр алыбы Жамбыл бабамыздың туған күніне орай Облыс әкімінің қолдауымен жылда өтетін республикалық ақындар айтысы 28 ақпан күні дәл осы БАЛАСАҒҰН ОКЗ-да өтеді.