"ЕҢ ҮЗДІК АУЫЛДЫҚ МƏДЕНИЕТ ҮЙІ, КЛУБ-2018" ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨЗ МƏРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Жамбыл облысы əкімдігінің мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан "Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб-2018" облыстық байқауының соңғы күндері Байзақ жəне Т.Рысқұлов аудандарында жалғасты.
Аталған байқау ең алдымен Байзақ ауданының Аймантөбе ауылдық клубында өтті. Байқау барысы ауылға еңбегі сіңген кәсіпкер Аян Лесбекұлымен кездесу сəтімен басталды. Кездесуде ауылдың экономикалық жəне мəдени дамуы аясындағы бірқатар өзекті мəселелер талқыланып, ауыл жастарын еңбекқорлық пен мəдениеттіліке деген көзқарасын дамытуға септігін тигізетін өзекті насихатты тұрғыда əңгіме өрбіді. Сондай-ақ, келер жылы "Жастар жылы" болғандықтан ауылдың жастары көптеген игілікті жобаларды əзірлеп, ауылды көркейтуге атсалысатындарын да жасырмады. Ал Т.Рысқұлов ауданына келер болсақ, байқау Құмарық ауылдық мәдениет үйінде ауданның 80 жылдығына арналған "Құт береке дарыған, өрісі кең өңірім!" атты әдеби- сазды кешімен басталды. Иə талантты жастардың көп болғаны еліміздің келешегінің жарқын бейнесінің нышаны екені рас. Əсіресе ауылды өңірлерде талапты жастар көп-ақ. Соны айғағы міне Құмарық ауылы. Аталған байқаудың көрігін ауылдың жас өнерпаздары кіргізді десек артық айтқандық емес. Олар байқауға жиналған жұртшылықпен ауыл қонақтарына өз өнерлерін тарту етті. Жас өнер иелері киелі сахна төрінде ұлттық əңдерді орындап, қазақтың сəңді билерін билеп көпшіліктің ықыласына бөленді. Сонымен облыс көлемінде өткен байқау аяқталды. Енді ұйымдастырушылар тарапынан ережеге сай бекітілген комиссия мүшелері мен қазылар алқасының шешімімен алдағы уақытта байқау жеңімпазын анықтайтын болады.